• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

13 Қараша, 03:45:42
Алматы
+12°

10 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Атырауда ірі көлемде насыбай сатқан шетел азаматы қолға түсті

Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Атырау Қаласы Полиция Басқармасына сілтеме жасап.

Фото: Атырау Қаласы Полиция Басқармасы

Атырау облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ірі көлемде есірткі заттарын сатумен айналысқан ер адамды ұстады. Одан құны 1 млн теңгеден асатын есірткі заттары тәркіленді. Күдікті Орал қаласынан Атырауға есірткі заттарын жеткізу және өткізу арнасын ұйымдастыру үшін арнайы келген. Ол бұндай қылмыстық іс-әрекетке барған себебін “несиеге белшемнен батып тез арада оңай ақша табу үшін” деп түсіндірген.

Күдікті 19 наурыз күні сағат 13:40 шамасында ұсталды. №1 Атырау қалалық полиция бөліміне қарасты №26 учаскелік полиция пунктінің қызметкерлері Авангард мөлтек ауданында орналасқан сауда орталығының бірінде 340 дана насыбай өнімін сатқан 29 жастағы Өзбекстан Республикасының азаматын анықтады. Қазіргі таңда тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Қазіргі уақытта 30 жастағы БҚО тұрғыны тергеу изоляторында қамауда. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: есірткі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір