• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 11:38:19
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Алматы-Нүкіс әуе бағытында жаңа рейс ашылды

ҚР Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Өзбекстанмен жаңа бағыт ашылды және Қазақстаннан халықаралық рейстердің жалпы саны 121 әуе бағыты бойынша аптасына 567-ге жеткенін мәлімдейді.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі рейстер географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыт бойынша рейстер санын арттыру бойынша тұрақты жұмыс жүргізіп келеді.

«Осылайша, «Uzbekistan Airways» әуе компаниясы ағымдағы жылдың 1 маусымынан бастап жаңа Алматы-Нүкіс әуе бағыты бойынша тұрақты рейстерді орындай бастайды. Рейстер аптасына екі рет (сәрсенбі және сенбі күндері) 174 орындық Эйрбас-А320 ұшағында орындалады», - делінген хабарламада.

Жаңа әуе жолының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік, туризм саласындағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді.

Осылайша, Қазақстан Республикасынан 28 елге 121 бағыт бойынша халықаралық рейстердің жалпы саны аптасына 567-ге жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір