• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 08:28:20
Алматы
+35°
Қазақстанда жер үйлердің саудасы қызып тұр. Статистика бюросының мәліметінше, сәуірде жер үйлердің сатылымы наурызға қарағанда пайыз өсіп көрсеткен.

"2024 жылдың наурыз айымен салыстырғанда, 2024 жылдың сәуірінде жеке тұрғын үйлер бойынша мәмілелер саны да 40,5%-ға немесе 2 256 мәмілеге өсті. Сәуірде ағымдағы жылдың басынан бастап ең көп мәміле тіркелген, барлығы – 7 830. Сонымен қоса, ұлғаю еліміздің барлық аймағында байқалды. Ең жоғарғы өсім Ұлытау (85,4%-ға), Атырау (77,9%-ға) және Қостанай (66,3%-ға) облыстарында болды" делінген бюро хабарламасында.

Ал пәтерлерді сату 1% өсіп, жаңа тұрғын үйді сату 0,4% төмендеген.

2024 жылғы сәуір айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 248 мәміле тіркелген, оның ішінде жеке үйлер бойынша 7 830 және көппәтерлі үйлердегі пәтерлер бойынша 23 418 мәміле жасалған. Мәмілелер саны бойынша, бұрынғысынша, Астана (5 583 – 17,9%) және Алматы (4 949 – 15,8%) қалалары, сонымен қатар, Қарағанды облысы (2 668 – 8,5%) көш бастап тұр. Мәмілелер саны Ұлытау облысында ең аз – 333 бірлік (1,1%).

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: жер үй сатылымы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір