• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 12:50:29
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

Алматыда мопед ұрлаумен айналысқан екі топ ұсталды

Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруынан жасалады,- деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Almaty.tv-ға сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Бөтеннің мүлкін ұрлауға қарсы күрестің бағыты – мопед, велосипед, самокат ұрлығының алдын алу. Талдау нәтижесі көрсеткендей, көп жағдайда ұрлықтың бұл түрі кейбір азаматтардың өз мүлкіне ұқыпсыз қарауы, мопедтерін, велосипедтерін және самокаттарын қараусыз қалдыруы нәтижесінде жасалады. Олар мүлігін кіреберістерде, тұрғын үйлердің аулаларында, дүкендердің алдында қалдырады. 

– Өткен мереке күндері біз екі топтың құрамында әрекет еткен алты жас жігіттің мопед ұрлау әрекеттерін әшкереледік. Олар түнгі уақытта бөтен адамдардың мопедтерін ұрлаған. Қылмыстық жолмен алынғанын алдын ала біле тұра, ұрланған тауарды алып отырған сатып алушы да ұсталды. Қылмысқа қатысы бар әрбір адамның әрекетіне тергеумен құқықтық баға берілетін болады, – деді Әуезов аудандық полиция басқармасының бастығы Ұлан Әбілқайыр. 

Сонымен қатар Алматы полициясы екі дөңгелекті көліктерді ұрлықтан мынадай жолмен қорғауды ұсынады: 

– кіреберісте қараусыз қалдырмаңыз; 

– велосипедтерді, мопедтерді, самокаттарды, ұрлыққа қарсы құралдарды пайдалана отырып, бейнекамералармен жабдықталған орындарда тұраққа қойыңыз; 

– ұрланған жағдайда дереу "102" пультіне хабарлаңыз. 

Сондай-ақ ұрланған мүлік туралы ақпаратты – құжаттарын, маркасын, түсін, фотосуреттерін, сериялық немесе басқа нөмірлік белгілерін дайындау қажет.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: мопед ұрлығы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір