• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 05:36:04
Алматы
+35°

13 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар

27-31 мамырда 5-8, 10-сынып оқушылары "Қазақ тілінен" емтихан тапсырады. Баға қалай есептеледі?

Әр мектеп аталған мерзім ішінде емтихан күнін өзі белгілейді, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі informburo.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Биыл 5-8, 10-сынып оқушылары тұңғыш рет "Қазақ тілінен" емтихан тапсырады. Емтихан уақыты 27-31 мамыр аралығына белгіленген. Дегенмен, емтиханның нақты уақытын әр мектеп өзінше белгілеуге құқылы. 
Қазақ тілінен емтихан жазбаша және ауызша форматта өтеді және үш сағатқа созылады. Жазбаша емтиханда оқушыларға эссе жазуға тапсырма берілсе, ауызша емтиханда оқушының сөйлеу, тыңдау және оқу қабілеттері тексеріледі. 
Оқу-ағарту министрлігінің түсіндіруінше, емтихан оқушылар әр тоқсан сайын тапсыратын бағалау жиынтығына өте ұқсас келеді. Ал тапсырмаларды әр мектептің мұғалімдері өздері әзірлеп, емтиханды да өздері қабылдайды. 
Биыл аталған емтиханның тұңғыш рет өткізілуіне байланысты, оқушылардың қорытынды бағасы емтиханның нәтижесіне (30 пайыз) және оқушының жылдық үлгеріміне (70 пайыз) қарай қойылады. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: емтихан Қазақ тілі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір