14 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар
Қазақстанда енді дрон факультеті ашылады
Кореялық профессорлар Қазақстанда ұшқышсыз ұшақтар саласына кадрлар дайындайды
Көрнекі сурет
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінің мәліметінше, әзірге Қазақстанда екі университетте ғана дрондар кафедралары бар. Енді Джей университетінің көмегімен тағы бір факультет ашылмақ. Кореялық профессорлар Қазақстанда дрон саласына қажетті мамандар даярлайды.
Өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Азамат Бейісбековтің айтуынша, Джей академиясында жоғарғы сынып оқушыларынан бастап нақты өндірісте жұмыс істейтін адамдарға дейін арнайы соларға мамандырылған бағдарламалар бар.
"Алдағы уақытта Джей университеті Қазақстанға келіп, біздің университеттерімізді аралап, техникалық университеттерімізді, олардың ішінен өздеріне әріптес тандайды. Бізге корей және түрік тараптары дрондарды өндіру технологиясы мен құзыреттілігін беруге дайын", - дейді Азамат Бейісбеков.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір