• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 03:44:03
Алматы
+12°

Жоғарғы сот мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлына қатысты үкімін өзгертті. Депутаттың ұлына тағайындалған жаза күшейтіліп, екі жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

2023 жылы Тұрлыхановтың ұлы Анна Дмитриевич пен оның жолдасы Олег Черновты соққыға жықты деп айыпталған. Нұрасыл Болатқа қылмыстық іс қозғалып, 500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеу міндеттелген. 

Кейін Нұрасыл Болаттың шабуылынан зардап шеккен заңгерлер сот үкіміне апелляциялық шағым түсіріп, Дәулет Тұрлыхановтың ұлын бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленушінің адвокаты Анна Чернованың айтуынша, Нұрасыл Болатқа пробациялық бақылау жүктелген. Соған сәйкес ол Қазақстаннан тыс жерде жүре алмайды, клубтар мен барларға бара алмайды, арақ ішіп, заң бұза алмайды. Сондай-ақ күн сайын сағат 23:00-ге дейін үйге келіп, пробация қызметіне хабарлауға міндетті.

Егер мәжілісменнің ұлы осы шарттарды бұзса, сот оның шартты жазасын нақты жазаға ауыстырып, жазасын колонияда өтейді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір