• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 04:35:04
Алматы
+35°

2009 жылдан бері іздеуде жүрген М.Әблязовтың тағы бір сыбайласы - Алексей Владимирович Богданов Қазақстанға өз еркімен қайтарылды. Бұл туралы Антикор хабарлады. 

Ол банктің 300 млн теңгеден астам  қаражатын жымқырған. Күдіктінің жақын туыстары және адвокатымен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесінде Богданов Қазақстанға оралуға және тергеуге жәрдемдесуге ниет білдіріп,  жазбаша өтініш жолдаған.

Бүгін ҚР ІІМ Интерполының көмегімен Богданов Брюссель қаласынан (Бельгия) Алматы қаласына келді. Қазіргі уақытта тергеу жұмысы жүргізіліп жатыр.


"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір