15 Мамыр, 2024 Барлық аймақтар
Гагарин даңғылына Ермек Серкебаевтың есімі берілуі мүмкін
Алматыда атақты өнер қайраткерлерінің құрметіне бірнеше көше атауы берілуі мүмкін. Бұл туралы Алматы қаласының мәслихатында талқыланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Алматы әкімдігіне сілтеме жасап.
Фото: ашық дереккөзден
Тұрғындардан қала көшелеріне Қазақстанның белгілі өнер қайраткерлері: әнші Ермек Серкебаев, композитор Ескендір Хасанғалиев, актерлер Юрий Померанцев пен Владимир Толоконниковтың есімін беру туралы өтініштер келіп түсті.
Қалалық мәслихат шешімінің жобасы бойынша Бостандық ауданы Ю.Гагарин даңғылының К.Тимирязев көшесінен әл-Фараби даңғылына дейінгі бөлігіне Ермек Серкебаев даңғылы, Әуезов ауданы Юбилейная көшесіне Владимир Толоконников атын беру жоспарланған.
Ескендір Хасанғалиевтің есімін Түрксіб ауданының «Жас Қанат» шағын ауданындағы атауы жоқ көшеге беру көзделді, ал Юрий Померанцевтің есімімен қаланың Бостандық ауданындағы атауы жоқ көше аталады.
Шешім жобасы республикалық ономастика комиссиясының қарауына жіберіледі.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір