• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

07 Қараша, 02:36:00
Алматы
+12°

16 Мамыр, 2024 NEWS

Байқоңырдан Ресейге көшетіндердің тізімі жасақталды

Ресей азаматтары "Байқоңыр" ғарыш кешені мен қала аумағынан үдере көшіп жатыр, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеп.

Фото: ашық дереккөзден

Байқоңыр қаласының Ресей тағайындаған әкімшілігі "Ресейге қоныс аударушы ретінде қала әкімшілігінде есепте тұрған РФ азаматтарының және олардың отбасы мүшелерінің" 2024 жылғы бірыңғай тізімін түзді. Сол арқылы қаладағы 200-ден астам нысанды Қазақстанға босатып берді.

Ресейдің құрған тізіміне 315 отбасы кірген. Ел билігі РФ Қорғаныс министрлігіне, ТЖМ-іне, ІІМ-іне жұмыс істейтіндер кезектен тыс көшірілетінін мәлімдеді. Нәтижесінде, 315 отбасыдан 789 нөмірден тұратын кезек құрылды. Бұл отбасылармен бірге Қазақстаннан Ресейге биыл жалпы саны 650-ден аса РФ азаматы көшіп кетпек.

Сонымен қатар, РФ президентінің 2021 жылғы 24 қарашадағы №673 жарлығына сәйкес, РФ азаматтарының жекелеген санаттарына өз отанына оралса, әлеуметтік төлем төленеді. Ол қаражатқа  отанына оралғандар Ресей территориясында тұрғын үй сатып ала алады.

Бұл төлем Ресейге көшетіндердің бәріне бірдей берілмейтіндігі айтылды. Оны алатындар санатына "Байқоңыр" кешенінің аумағында, федералдық меморгандарында, кәсіподақта, зымыран-ғарыш өнеркәсібінде, РФ-тің ең кемі 50 пайыз үлесі бар ұйымдарда кем дегенде 10 жыл жұмыс не қызмет өтілі бар азаматтар жатады.

БАҚ-тағы ақпарат бойынша Байқоңыр қаласының әкімшілігі 2025 жылы Ресейге қоныс аударатындардың да кезегін қалыптастыруға кірісіп кеткен. Ол тізім бұдан да ұзын болатын түрі бар. Қазірдің өзінде 2025 жылдың кезегіне 689 ресейлік отбасы кірді.

"Байқоңыр қаласы Ресей федерациясының федералдық маңыздағы қаласына сәйкес келетін мәртебеге ие. Онда азаматтардың тұруының, объектілердің, кәсіпорындар мен ұйымдардың қауіпсіз қызмет етуінің ерекше режимі енгізілген. Байқоңыр қаласында 76,5 мыңнан астам адам тіркелген. Бұлар – РФ, Қазақстан және өзге мемлекеттердің азаматтары", – деп жалпылама жазылған қала әкімшілігінің ресми интернет ресурсында.

Сондай-ақ, Ресейге аттануға әзірленіп жатқандардың тізімінде Өркенбаев, Тоқшылықова, Тәжібаев, Дауылбаева, Естілеуов, Шаңғытпаев, Досымова, Арынова сияқты қазақы фамилиялар өріп жүргені белгілі болды

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Ресей Байқоңыр

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір