17 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ақорда
17 мамыр – ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың туған күні. Президент бүгін 71 жасқа толып отыр.
Алайда ел басшысы туған күнін атап өтпей, әдеттегідей жұмыс орнында болады. Бұл туралы мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді.
"Президенттің принципті ұстанымы осындай. Оның отбасында балалардың да, ата-анасының да туған күнін тойлау әдетке айналмаған", – деді Берік Уәли.
Бұл датаға байланысты ешқандай іс-шара жоспарланбаған. Президент әкімшілігі қызметкерлерінен де туған күнмен құттықтамауын сұралған.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір