• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 07:46:04
Алматы
+35°

17 Мамыр, 2024 NEWS

Газадағы құрбандар саны 35,2 мыңнан асты

Израильдің Газа секторында 7 қазаннан бері жалғасып жатқан шабуылдың нәтижесінде қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 272-ге жетіп, 79 205 адам жараланған, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казинфорумға сілтеме жасап.

Фото: ашық дереккөзден

Бұл туралы Палестина денсаулық сақтау министрлігінің Газа секторындағы мәлімдемесінде айтылған, деп жазады Анадолы баспасөзі.

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 39 тұрғыны қаза тауып, 64-і жараланған. Сондай-ақ баяндамада әлі де қаза тапқандардың денесі қираған ғимараттардың астында және жол жиектерінде жатқаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір