• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 00:57:07
Алматы
+12°

20 Мамыр, 2024 NEWS

БЖЗҚ-дан жинақ ақшасын алмақ болған қазақстандық ерлі-зайыпты қаржыларынан айырылып қалды

Ақмола облысының полицейлері зейнетақы жинақтарын алып береміз деген желеумен ерлі-зайыптыны сан соқтырған алаяққа қатысты тергеуді бастады.

Көрнекі сурет

Облыстық полицияның хабарлауынша, алаяқтық ісінің құрбандары ерлі-зайыптылар болған. Тергеу мәліметтері бойынша, 2023 жылдың қазан айында Целиноград облысындағы ерлі-зайыптылар зейнетақы қорынан ақша алу мүмкіндігіне қызығушылық танытқан.

"Тиісті рәсімді жүзеге асыру үшін делдалдар келесі схема бойынша жұмыс істеген. Олар ерлі-зайыптыға стоматологиялық емханаға 2 миллион 800 мың теңге зейнетақы жарнасын аударуды ұсынған. Сондай-ақ кейін бұл соманы алуға болатынын ескерткен. Делдал қыз өз қызметін 228 000 теңгеге бағалаған. Арызданушылар оның банк шотына ақша аударған. Ақмола тұрғындары жарты жылдан астам зейнетақы жарналарын алмағандықтан, полицияға арызданған", – делінген хабарламада. 

Алаяқтық әрекет фактісі бойынша Целиноград аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Нәтижесінде, күдіктінің жеке басы анықталды.

"Полиция қызметкерлері жедел іздестіру іс-шараларын жүргізуді жалғастырып жатыр. Сонымен қатар басқа да заңсыз әрекеттерден зардап шеккендердің бар-жоғы анықталып жатыр. Полиция қызметкерлері алаяқтардан сақ болуды және ақшаға қатысты күмәнді ұсыныстарға келіспеуді сұрады", – делінген хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БЖЗҚ Ақмола

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір