21 Мамыр, 2024 NEWS
ҰБТ-ға өзгеріс енгізіледі
Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Қазақстанда ҰБТ форматы біртіндеп өзгеріп, жоғары оқу орындарына қабылдау үшін SAT стандартталған тест форматына көшетінін айтты.
Фото: ашық дереккөзден
Министрдің айтуынша, ҰБТ бұрынғысынша тест форматы бойынша өтеді.
- Тест қалады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, жоғары оқу орындары үшін қандай да бір координаттар жүйесі қажет, бірақ тестті ұйымдастырудың мазмұны мен тәсілі түбегейлі қайта қаралады. Енді ол жеке болады, талапкер өз форматында ыңғайлы режимде тест тапсырады, - деді министр.
Сондай-ақ ол 2021 жылдан бастап Қазақстанда ҰБТ форматын қайта құру және тест сұрақтарын түбегейлі қайта өңдеу жобасы іске қосылды. Мұны Франция мен Финляндиядан келген тестологтар жасайды. "Оқытылған тестологтар тобы SAT форматына жақын жаңа әдістеме бойынша сұрақтар дайындай бастайды, бұл – халықаралық танылған тест. Біз базаны құрған кезде, жаңа ҰБТ форматын басқара алатындай етіп кем дегенде 50 мың сұрақ әзірлеуіміз керек. Біртіндеп өзгереді, форматтың бірден өзгеруі үлкен проблемаға алып келетіндіктен, бұған жоғары сынып оқушыларын дайындау керек", - дейді.
Енді үміткер сайтта тіркеліп, тест тапсырады, содан кейін университетке түсу туралы сертификат алады. "Бірте-бірте біз SAT халықаралық стандартына көшеміз: әрбір талапкер тестілеу орнын, уақытын таңдайды, дайындалады, тест тапсырады, сертификат алады, оқуға түседі", - дейді министр.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір