"Мынадай жақсы сөз бар: Шығынның көптігінен емес, табыстың аздығынан қорқу керек. Көбірек ақша тауып, көбірек өндіру керек. Ал азық-түлік себеті мен халық тұтынатын тауарларға келсек, олардың бағасы құбылып тұрады" деді Шаққалиев үкіметтегі брифингте.
Министр Қазақстан өзін қаптамасыз ететін, жеткізілім тұрақты әрі бәсеке деңгейі жоғары салаларда нарықтық баға қалыптасатынын атап өтті.
Ал "Қазақстандықтар табысының жартысынан көбін азық-түлікке жұмсауды қашан тоқтатады?" деген сұраққа нақты жауап беру қиын екенін, ол үшін табысты арттыру қажеттігін, үкімет осы бағытта белсенді жұмыс істеп жатқанын жеткізді.
Пікір қалдыру
пікір