22 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Ресейдің Оңтүстік әскери округінде ядролық қару дайындау мен қолдану бойынша тәжірибелік сынақтар басталды. Ресей қорғаныс министрлігі жаттығулар Ресейдің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қамтамасыз етуге бағытталғанын хабарлады.
Әскерилер "Искандер" жедел-тактикалық зымыран жүйесіне арнайы оқ-дәрілер алу бойынша жауынгерлік дайындық тапсырмаларын орындап, зымыран ұшыруға дайындық жүргізіліп жатыр.
"Жаттығуға қатысқан Ресей аэроғарыш күштерінің авиациялық бөлімшелерінің жеке құрамы арнайы жауынгерлік авиациялық қару-жарақ бөлімшелерімен, соның ішінде "Кинжал" аэробаллистикалық гипер дыбыстық зымырандарымен жарақтандыруға машықтанды және арнайы патрульдік аумақтарға ұшып көрді", – делінген ведомство хабарламасында.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір