• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Маусым, 05:26:32
Алматы
+35°

22 Мамыр, 2024 NEWS

Алматыда 300 шақырым BRT жолағы салынады

Қала әкімдігі Алматының көлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі құжатты жариялады. Жоспар бойынша халықты жеке көліктен қоғамдық көлікке ауыстырып, қоғамдық көлікпен жүретін адам санын 64 пайызға көбейту көзделген.

Фото: Виктор Сухороков

Сондай-ақ жоспар бойынша 2030 жылға дейін Алматыда 296 шақырым BRT жолағы салынады. Қазір қалада мұндай жолдың ұзындығы 8 шақырым ғана. Жүрдек автобус желісі 31 км трамвай жолы, 4 жаңа метро бекеті және 3 көлік тобын қамтиды.

BRT желісі мегаполистегі Әл-Фараби даңғылы, Саин көшесі, Шығыс айналма, Сейфуллин даңғылы, Достық даңғылы, Гоголь, Сәтбаев және Шаляпин көшелерінен өтетінін схемадан  көруге болады.

Осы орайда, айта кететіні, жоспар бойынша барлық жұмыс бір мезетте жүргізілмейді. Яғни, жоба үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезекте 2024 жылы Райымбек даңғылының Пушкиннен Ахременко көшесіне дейінгі бөлігінде арнайы жолақ түседі, ол 2026 жылға қарай Алматының батыс шекарасындағы «Барлық» базарына дейін созылады. Автобус желісі жол ортасына, яғни сол жақ шеткі жолаққа (Өтеген батырдан Әуезовке дейін және Сейфуллиннен Пушкинге дейін) және жолдың оң жақ шетіне сызылады.

Сонымен қатар Райымбек даңғылында қоғамдық көлік жылдамдығын сағатына 50 км-ге шектеп, ондаған жер үсті жаяу жүргіншілер өткелін салады, 17 бағдаршам мен 60 бейнебақылау камерасын орнатады.

Бас жоспардың екінші кезеңінде, 2025–2026 жылдары 11 көлік дәлізі салынады, ал қалған 28-і 2027–2030 жылдары бой көтереді. BRT желісімен бірге мамандар қоғамдық көлік, LRT жұмысын жаңартып, метрополитенді кеңейтеді. Атап айтқанда, Абай даңғылы мен Әшімов қиылысына жақын жерде орналасатын «Қалқаман» бекеті және Райымбек даңғылы бойындағы «Барлық» базары маңында жаңа бекет болады. Ал қазіргі тар көшеге автобус жолағын салуға тыйым салатын норма да өзгереді.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір