• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қараша, 03:09:35
+12°

22 Мамыр, 2023 NEWS

"Қазақ тілі" қоғамы бизнес бағытындағы ағартушылықты қолдай бастады

2024 жылы 17 мамыр күні Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы мен SANA FOUNDATION қоғамдық қоры арасында бірлескен меморандумға қол қойылды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.

Фото: Қазақ тілі қоғамы

Халықаралық "Қазақ тілі" қоғамы 1989 жылдан бері ҚР Ата заңы (Конституциясы), Тіл туралы Заңы, өзінің Жарғысы және Халықаралық нормалар негізінде қызмет жасайтын ұйым. Омбы, Орынбор, Астрахань, Қорған, Санкт-Петербург, Саратов, Волгоград қаласында, Моңғолия, Түркия, т.б. қалаларында бөлімшелері бар.

Меморандумға тұңғыш қазақ тіліндегі экономикалық-бизнес форумын ұйымдастырған, кәсіпкерлік ағартушылықпен айналыса отырып, зияткерлік, әлеуметтік жобаларды жүзеге асыратын SANA FOUNDATION атынан  белгілі экономист, тәуелсіз сарапшы Мақсат Халық қатысты. Іскерлік этика мен кәсіпкерлік кодты қалыптастыруды мақсат еткен келісім бірлескен іс-шаралар, семинарлар мен форумдар өткізуге, бизнес әдебиет пен материалдарды көбейтуге, қазақ тілінде сапалы медиа және онлайн контентті дамытуға жалғаспақ.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір