22 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Қайрат Боранбаев мемлекетке 134,5 млрд теңге қайтарған. Қаржы монитониг агенттігі бұл соманың тағы да өсуі мүмкін екенін айтты.
"Негізгі қылмыстық істер бойынша 14,5 млрд теңге көлемінде залал өтелді. Оның ішінде 120 млрд теңге көлемінде залалды өз еркімен өтеді. Қылмыстық іс әлі тоқтатылған жоқ. Тергеу жүріп жатыр. Мемлекет шығынын өз еркімен өтегені үшін оның бас бостандығынан айыру жазасы, бас бостындығын шектеу жазасына ауыстырылды", - деді Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Жеңіс Елемесов.
Қазір Боранбаевтың тергеу жұмыстары бюджет қаражатын ұрлау және салық төлеуден жалтарды деген күдікпен жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, Қайрат Боранбаев 2022 жылы "квазимемлекеттік сектордан ірі көлемде ақша жымқырды" деген күдікке ілінген. Оған QazaqGaz ұлттық компанияның газын сату бойынша келісімнен түскен 14,6 млрд теңге қаражатты жымқырды деген айып тағылған. Боранбаевты тергеу кезінде құны 1,4 миллиард теңгеден асатын "Comfort Hotel Astana" қонақүй кешені мемлекет меншігіне өткен болатын.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір