• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 02:56:19
Алматы
+12°

23 Мамыр, 2024 NEWS

Адам саудасы: ІІМ сәбилердің қандай бағаға сатылғанын айтты

Елімізде жыл басталғалы үш сәбиді саудалау фактісі тіркелген. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев мәлім етті.

Көрнекі сурет

«Қылмыстық кодекстің бабында 18 жасқа дейінгі жауапкершілік қарастырылған. Өткен жылы бізде адам саудасы бойынша 19 факт тіркелді. Істердің басым көпшілігі аяқталды, шамамен 16-17 адам жаңа туған нәрестелер саудасы үшін жауапқа тартылды», - деді Марат Қожаев Мәжіліс алаңында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беріп.

Оның айтуынша, биыл елімізде нәрестелер саудасы бойынша үш факті тіркелген.

«Аталған барлық факті елімізде болды. Әр сәбидің бағасы 100 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін барады», - дейді ол.

Осы орайда, бүгін Мәжіліс адам саудасы мен вандализм туралы заң жобасын екінші оқылымда қабылдады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: сәби адам саудасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір