24 Мамыр, 2024 NEWS
Фото: Ашық дереккөз
Атырауда су көлемінің артуы мен қатты жел алдарынан "Соколок" каналы бойындағы бөгет бұзылды. Бұл туралы төтенше жағдай жөніндегі облыстық жедел штаб хабарлады.
"Атырауда "Соколок" каналы бойындағы бөгетті тасқын су бұзып кетті. Бұған қатты жел мен судың көп мөлшерде ағып келгені әсер еткен", — делінген хабарламада.
Жедел штаб қазіргі уақытта жағдайдың өзгеруіне байланысты қажетті шешімдер алу үшін қосымша техникалар жіберілгенін мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір