27 Мамыр, 2024 NEWS
Бишімбаевты ұстаған полицейлер жазаланды
Астанада Қуандық Бишімбаевты ұстаған және алғаш боп жауап алған екі полицей жазаланды, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Фото: ашық дереккөзден
ІІМ баспасөз қызметінің хабарлауынша, Астана қалалық полиция департаменті жүргізген қызметтік тергеу аяқталғанын хабарлады. "Құқық қорғау қызметі туралы" заңның 19, 56-57-баптарына, сондай-ақ қызметтік тәртіпті бұзғаны үшін тәртіптік комиссияның шешіміне сәйкес, Патрульдік полиция полкі қызметінің инспекторына сөгіс жарияланды.
Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 434-2-бабының талаптарын бұзғаны үшін (Ортақ пайдаланылатын орындарды ластау) Астана полиция департаментінің Есіл аудандық полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатаң сөгіс жарияланды", - делінген хабарламада.
Еске салсақ, Бишімбаев ұсталған уақытында полиция қызметкері қайтыс болған Салтанат Нүкеноваға қатысты "Она, наверное, сама нозила" ("Ол өзі титығыңа тиген болар" - авт. еск.) деген сөздерді айтады. Бұл реплика бейнежетонға түсіп қалып, 8 сәуірде Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот отырысы барысында көрсетілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір