27 Мамыр, 2024 NEWS
Қазақстандық архитекторлар бір аптаның ішінде үй салды
Бір аптада салынған үйдің көлемі 100 шаршы метр, құны - 10 млн теңге.
Фото: Алмасбек Садырбай
"Алматыда 3D принтермен қазақстандық архитекторлар Орталық Азияда алғаш рет бір аптаның ішінде ғимарат салдынды",- дейді «Шаңырақ» ұлттық агроқозғалысы» Республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Алмасбек Садырбай.
Оның айтуынша. үйді жас архитекторлар небәрі 1 аптаның ішінде тұрғызған. Жұмыстың күрделілігіне қарамастан, талмай еңбектеніп осындай нәтижеге жетіп отыр. Бұл инновациялық әдіс көмегімен киіз үй жасауға да болады.
Ал ғимараттың қысқа уақытта бой көтеруіне атсалысқан архитектор Ұлан: "бұл – болашаққа деген үлкен қадам. Алда әлі ресми презентация жасалады" дейді.
Ең басты тиімділігі - уақыт. Бір аптада бой көтерген үйге, толық ұсақ-түйек жұмыстарды қоса алғанда 1 айдың ішінде кіруге болады.
Бұл үйді 4-5 адам ғана салған. Үш бөлмелі студия. Қабырғалары неоклассика стилінде жасалған. Ғимарат заманауи түрде өте сәнді әрі сәтті шыққан.
3D принтер - ғылымның үлкен жетістігі екені сөзсіз. Технология дамыған сайын, ғимаратты салу процесі біршама жеңілдеп, жылдам іске асатын болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір