• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 13:14:22
Алматы
+12°

28 Мамыр, 2024 NEWS

"Халықтың табысы өссін!": Қазақстанда жаңа петиция жарияланды

Қазақстандықтар Өнеркәсіп және құрылыс министрлігіне «Халықтың табысы өссін! Өнеркәсіп дамысын!» петициясымен жүгінді.

Фото: ашық дереккөзден

Петиция экономиканың мұнай мен ресурстарға тәуелділігін азайту үшін елде жаңа кәсіпорындар ашуды көздейді. 

«Жаңа зауыттар мен фабрикалар құру біздің азаматтарымыз үшін мыңдаған жұмыс орындарын қамтамасыз етеді, қазақстандықтарға отандық азық-түлік өнімдерін, үйлерді, автомобильдерді, дәрі-дәрмектерді сатып алуға мүмкіндік береді, ішкі нарықты өз тауарларымен қамтамасыз етеді", - деп үндейді қазақстандықтар.

Жергілікті өндірісті дамыту лайықты жалақы қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту арқылы әр отбасының табысын арттырады.

«Әрбір өндіріс – отбасылы, балалы-шағалы еңбек адамдарының армиясы. Жергілікті өндіріс экономиканың жаңа секторларын дамыта отырып, кәсіпкерлік пен инновация үшін жаңа мүмкіндіктер ашады. Мұны үкімет қолдауы тиіс. Тауарлар мен материалдардың жергілікті өндірісін ынталандыру халық үшін қауіпсіз және экологиялық таза орта құруға ықпал етеді. Жаңа технологияларды қолдауға ішкі нарықты қауіпті өнімдерден қорғау шараларының арқасында қол жеткізуге болады», - делінген құжатта.

Жұмысшылар қазіргі уақытта ел өзін ауылшаруашылық өнімдерімен толық қамтамасыз ете алмайды деп жазады.

"Сүт өнімдерін өндіру, ет, фармацевтика, металлургия, машина жасау, автомобиль жасау сияқты салаларда импорттың жоғары үлесіне қарамастан, өсудің зор әлеуеті бар. Осы секторларды дамыту бізді сапалы және қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз етеді, еліміздің тәуелсіздігін арттырады және әрбір азаматтың өмірін жақсартады. Протекционизмнің қатаң шараларын енгізу және отандық бизнесті қолдау – барлық дамыған әлемдік державалардың кең таралған және тиімді тәжірибесі. Ешкім өзінің экономикалық тәуелсіздігін басқаның жеке мүддесі үшін бермейді. Ақша ел ішінде қалуы керек!», - деп жазады адамдар.

Сондай-ақ, құжатта олар үкіметті тауарлардың ел аумағына кіретін сұр импортқа тосқауылды күшейтуге және отандық өндірісті қолдау шараларының тиімділігін арттыруға шақырады.

Петиция ресми сайтта 25 мамырда пайда болды. Оны 9 мыңнан астам адам қолдады.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: петиция табыс халық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір