• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Желтоқсан, 22:12:21
Алматы
+7°

29 Мамыр, 2024 NEWS

Қазақстанның Туын "шүберекке" теңеген тиктокерге үкім шықты

Түркістан облысында Қазақстан туын "шүберекке" теңеген 2006 жылғы тұрғын сотталды.

Көрнекі сурет

Іс материалдарынан айыпталушы осы жылы сәуір айында телефонының камерасына Сауран ауданы Ибаата ауылындағы орталық көшедегі Туды түсіріп алғаны белгілі болды.

"Ол сол күні TikTok-тағы жеке парақшасына видеоны жариялап, "Жогарыга іліп койптығо тәеулсздік тряпкасн" деп жазған", - делінген сот хабарламасында. 

Адамдар жаппай наразылық білдіре бастаған соң аккаунт иесі видеоны өшіріп тастаған. Осыдан кейін оған ҚР Қылмыстық кодексінің 372-бабы ("Мемлекеттік рәміздерді қорлау") бойынша айып тағылды.

Сот оны кінәлі деп танып, 1 жыл мерзімге бас бостандығын шектеу жазасын тағайындады. Қамау түріндегі бұлтартпау шарасы ешқайда кетпеу туралы қолхатқа өзгертілді. 

Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: тиктокер аккаунт

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір