• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Маусым, 23:20:57
Алматы
+35°

Алматы облысында өнеркәсіптік өндіріс көрсеткіштері өсті. Бұл туралы Алматы облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Биылғы жылдың 4 айының қорытындысы бойынша жалпы көлем 573,6 млрд теңгеге жетіп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 103,2 пайызға өсті"– деп мәлімдеді Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Қуаныш Бақытұлы.

Өнеркәсіптің бірқатар саласында оң нәтижелер байқала бастаған. Олардың қатарына тау-кен өнеркәсібі, электрмен жабдықтау, газ және сумен қамтамасыз ету, қалдықтарды жинап, өңдеу өнеркәсібі де жатады. Сонымен қатар, облыста азық-түлік, сусын және темекі өндірісі де қарқынды түрде дамып келеді. Қазіргі таңда аталған салалар облыс өнеркәсібінің 64,5 пайызын құрап отыр.

Биыл өндіріс көлемін ұлғайту мақсатында облыста жалпы сомасы 284 млрд теңгені құрайтын 10 инвестициялық жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Алматы облысы стратегиялық тұрғыда бизнес жүргізушілерге қолайлы  болуымен де халықаралық инвесторлардың да қызығушылығын тудырып отыр.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір