• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

03 Қараша, 15:25:43
Алматы
+12°

Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Қытай Халық Республикасының Бас консулы Цзян Вэй ханыммен кездесіп, облыс пен Қытай арасындағы сауда қатынастарын кеңейту мәселесін талқылады. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Марат Сұлтанғазиев өз сөзінде «Көлжат» және «Нарынкөл» өткізу бекеттерін дамыту екі ел арасындағы тауар айналымын нығайтып, арттыруға зор үлес қосатынын атап өтті.

Жалпы, ҚХР Қазақстанның әлемдік экономикалық державадағы тікелей серіктесі. Қытайлық инвесторлардың ықпалдасуымен біршама жобалар жүзеге асқаны мәлім. Оның ішінде Алматы облысында да бірқатар жұмыстар атқарылған еді. Атап айтсақ, «Kelun-Kazpharm» ЖШС фармацевтикалық зауытының өндірісі іске қосылды, «Энергия Семиречья» ЖШС жаңартылатын энергия көздерін өндіру жобасы жүзеге асырылды, ауыл шаруашылығы саласын дамыту аясында «Жібек жолы» ЖШС тамшылатып суару жүйесіне арналған жиынтықтауыштар, малға арналған азық-түлік қоспаларын өндіру үшін дәнді дақылдарды қайта өңдеу өндірісі жолға қойылған еді. 

Аймақ басшысы Марат Елеусізұлының айтуынша, бұл жобалар екі тараптың экономикалық даму мәселелеріндегі табысты өзара іс-қимылын көрсетеді.

«Қытайдан келген инвесторлармен өзара іс-қимыл облыстың экономикалық дамуы үшін маңызды болып шықты. Мұндай инвестициялар көбінесе жұмыс күшінің біліктілігін арттыратын және жалпы саланың дамуына ықпал ететін технологиялар мен білім трансфертін қамтиды. Қытаймен ынтымақтастықтың оң тәжірибесі жаңа инвестициялар тартуға және өңір экономикасының басқа да секторларын дамытуға үлгі бола алады», - деді Марат Сұлтанғазиев.

Қазіргі уақытта Қытай Халық Республикасының қатысуымен 11 перспективалық жобаны жүзеге асыру қарастырылуда, олардың ішінде ең ірілерінің қатарында «ТВЕА» компаниясының трансформатор зауытының құрылысы, суару жүйелерін өндіруді іске қосу және «Yulin irrigation» компаниясының тракторлар мен ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру зауытын салу да бар. 

Бүгінде өңірде Қытай Халық Республикасының кәсіпкерлерімен бірлесіп жалпы сомасы 268 млрд теңгеден астам 10 жоба жүзеге асырылуда.

Еске саламыз, Алматы облысы инвестициялық жобаларға бай өңір. Биылғы жылдың мамыр айында Алматы облысының инвестициялық қоржынында жалпы сомасы 3,4 трлн теңгеге жетті.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір