03 Маусым, 2024 NEWS
Фото: qfl.kz
"Жетісу" футбол клубының директоры Қалмұхамет Дөңсебаев ұсталды. Бұл туралы Жетісу облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлады.
"Жетісу облысы бойынша мамандандырылған ауданаралық тергеу сотының хабарлауынша, сот шешімімен Д-ны 2 ай мерзімге қамауда ұстау бұлтартпас шарасы санкцияланған. Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ", — делінген ресми мәлімдемеде.
Алайда футбол командасы басшысының не үшін ұсталғаны белгісіз.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір