• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 16:46:59
Алматы
+8°

17 мамырда Бишімбаев ісі бойынша алқа билерге 200 миллион теңге пара бермек болған әйел ұсталған. Бұл туралы Ермұхамед Ертісбаев мәлімдеді. 

Ұсталған әйел Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелдінің сұхбаттарының бірінде сөз болған. Әйел былтыр қазанда Бишімбаев бала қағып өлтіргенін айтқан.

Ертісбаев бұл жалған ақпарат екенін, ІІМ бұл ақпаратты ресми түрде жоққа шығарғанын айтады. Ал ұсталған әйел Бишімбаевтың үйіне дейін келген көрінеді. Бишімбаевтар Антикорға арыз жазған. Антикор ол әйелді ұстаған.

"Менің дереккөздерімнің мәліметінше, ұсталған әйел тергеуде ешқандай ақпарат бермей, оның артында дөкейлер тұрғанын айтады. Сондықтан Бишімбаевқа қатысты сот әлі аяқталған жоқ. Алда әлі күтпеген жайттар болады. Егер ол ақша соттың шешіміне әсер етуге арналған болса алқабилердің шешіміне күмән келуі мүмкін. Бұл тек болжам. Антикордың бұл іс бойынша ресми жауабын күту керек", - деп хабарлады Ертісбаев.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: БИШІМБАЕВ

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір