• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

05 Қазан, 18:03:42
+8°

Фото: ашық дереккөзден

Кентаулық талапкер Айдос Қожанов Ұлттық бірыңғай тестілеуден 138 балл жинаған. Бұл - әзірге еліміз бойынша ең жоғары көрсеткіш.

Түркістан облысы өңірлік коммуникациялар қызметінің мәліметінше, Айдос Хайруллаұлы 10 жыл бойы №16 Юрий Гагарин атындағы мектеп-лицейінде оқып, 11 сыныпта «Грант» мектебіне ауысқан. Айдос болашақта математика пәнінен мұғалім болғысы келеді.

Түркістан облысында биыл Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 27 340 оқушы өтінім білдірген. Жалпы облыста 32 306 оқушы 11-сыныпты тамамдаған. Оның 1727-і - «Алтын белгіге», 2 466 оқушы - «Үздік аттестатқа» үміткер.

Айта кетері, ҰБТ аяқталғаннан кейін 31 қазанға дейін тестілеудің бейнежазбаларына талдау жүргізіледі. Тыйым салынған заттарды пайдалану немесе ережелерді бұзу фактілері анықталған жағдайда талапкердің ҰБТ нәтижелері жойылады.





"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ҰБТ Түркістан

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір