01 Мамыр, 2024 NEWS
Алматы облысында кәсіпкерлерді қолдау жұмыстары жоғары деңгейде
Алматы облысында кәсіпкерлікті дамытуға байланысты жұмыстар атқарылып келеді. Оның ішінде "орнықты экономикалық өсу" жөнінде ұлттық жобалар аясында орындалып жатқан жұмыстар аз емес.
Көрнекі сурет
Мәселен, Алматы облысында мамыр айында кәсіпкерлерді қолдауға қатысты дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды яғни, ірі кәсіпкерлік субъектілерін қоспай, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізіміне қосуға құжаттарды қабылдау туралы хабарландыру жариялады. Онда Әлеуметтік-кәсіпкерлікке төмендегі тізімдегідей кәсіпкерлер енгізуге үміткер бола алатынын хабарлайды.
Яғни, 1-санат бойынша халықтың әлеуметтік осал топтарын жұмыспен қамтуға ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен мүгедектігі бар адамдар және мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған ата-аналар мен өзге де заңды өкілдер кіреді. Одан бөлек, зейнеткерлер және зейнетке дейінгі зейнетақы төлемдеріне құқық беретін жасқа келгенге дейін бес жыл бойы жастағы азаматтар жасына байланысты ала алады. Сондай-ақ тәрбиеленушілер мен балалар үйлерінің, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз, қараусыз қалған балаларға арналған мектеп-интернаттардың түлектері, оның ішінде жиырма тоғыз жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жастар кіреді.
Сонымен қатар 12 ай ішінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінен жазасын өтеуден босатылған адамдар мен белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адамдар, аз қамтылған, көпбалалы немесе толық емес отбасыларға жататын ата-аналар, басқа да заңды өкілдерден бөлек, "Алтын алқа", "Күміс алқамен» награда алған немесе бұрын "Батыр ана" атағын алған, сондай-ақ I және II дәрежелі "Ана даңқы" ордендерімен марапатталған көпбалалы аналар, наркологиялық науқастарды медициналық-әлеуметтік оңалтудан немесе психикаға белсенді әсер ететін заттарға тәуелділікті емдеуден өткен адамдар, 12 ай ішінде оңалту немесе емдеу жүргізілген және қандастар.
Ал екінші санатқа қатысты бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарының тауарларын сатуға, жұмыстарды орындауға, қызметтер көрсетуге ықпал ететін әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерді орындайды. Ал үшінші санат бойынша тауарларды өндіру мен жұмыстарды орындау, бірінші санаттағы халықтың әлеуметтік осал топтарына қызмет көрсету жөніндегі қызметті жүзеге асыратын әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерді, әлеуметтік-тұрмыстық, азаматтарды күту, денсаулық жағдайын бақылау бойынша әлеуметтік-медициналық және әлеуметтік ортаға бейімделу үшін психологиялық жағдайды түзету бойынша әлеуметтік-медициналық, мінез-құлықтағы ауытқулардың алдын алу бойынша әлеуметтік-медициналық, жұмысқа орналасуға және еңбекке бейімделуге жәрдемдесу жөніндегі қызметтер мен коммуникацияны арттыру, оңалту, әлеуметтік қызметтер мен бейімдеу, әлеуметтік сүйемелдеу бойынша қызметтер кіреді.
Одан бөлек, медициналық техника мен протездерді, ортопедиялық құралдарды өндіру, аурулардың алдын алу, мүгедектерді оңалту үшін ғана пайдаланылатын денсаулық сақтау саласындағы мүгедектер мен зейнеткерлердің демалысы мен сауығуын ұйымдастыру, қосымша білім берудің бағдарламалары, мүгедектер мен халықтың мобильдігі төмен топтары үшін инфрақұрылым объектілеріне жағдай жасау және оларға қол жеткізе алады.
Сонымен қатар соңғы 4-санат бойынша, келесі қызмет түрлерінде жұмысты жүзеге асырушы Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері мен отбасын нығайтуға, ана мен баланы қолдауға бағытталған психологиялық-педагогикалық және өзге де қызметтер, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің, ТжКБ білім беру бағдарламаларын іске асыруға мүмкіндігі шектеулі балалар мен психологиялық-педагогикалық қолдау, әлеуметтік оқуда, дамытуда және әлеуметтік бейімделуде қиындықтарға тап болған адамдарға көмектеседі. Ал әлеуметтік оқыту мен біліктілігін арттыруға бағытталған әлеуметтік коммерциялық емес ұйым қызметкерлері мен еріктілері, мәдени-ағарту қызметіне кіретін жеке мұражайлар, театрлар, кітапханалар, мұрағаттар, мектеп-студиялар, шығармашылық шеберханалар, ботаникалық және зоологиялық бақтар, мәдениет және халық шығармашылығы үйлері мен қоршаған ортаны қорғау секілді халықтың әлеуметтік осал топтарына гериатриялық және геронтологиялық көмек көрсету, денсаулық орталықтарын, салауатты өмір салты бойынша іс-шараларды ұйымдастыру жөніндегі қызметтер тізімге қосыла алады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір