• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

17 Қыркүйек, 01:09:17
Алматы
+35°

Алдағы уақытта Алматыдағы сейсмология ғылыми орталығының ғимараты жөнделіп, қайта жабдықталады. Бұл туралы қала әкімі Ерболат Досаев айтты. Алматы әкімі ТЖМ Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығының ғимаратына барып, мекеменің материалдық-техникалық базасымен танысып қайтты. 

Алматы қаласы сейсмикалық тұрғыда қауіпті аймақта орналасқан. Мегаполисте жер сілкіністерін зерттейтін Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық ғылыми орталығы бар. Алайда онда 1986 жылдан бері күрделі жөндеу жүргізілмеген, жабдықтардың басым бөлігі ескірген, сондай-ақ кадр тапшылығы да орын алып отыр.

Орталық қызметінің негізгі бағыты – бүкіл ел аумағының сейсмикалық қауіптілігін бағалау және сейсмологиялық мониторинг жүргізу.

"Біз ғимаратты қала бюджеті есебінен жөндеу туралы шешім қабылдадық. Сондай-ақ ғылыми зерттеулерге шамамен 2 млрд теңге бөлінеді, бұл еңбекақы төлеу қорын ұлғайтуға, шетелдік әріптестермен тәжірибе алмасуға, жаңа кадрлар тартуға мүмкіндік береді. Бұл орталық қала үшін ғана емес, бүкіл ел үшін өте маңызды, сондықтан ол әлемдік стандарттарға сай болуы тиіс", – деді Ерболат Досаев.

Қазіргі уақытта сейсмологиялық бақылаулардың Республикалық желісі (РССН) Қазақстанның 12 облысында және Алматы қаласында орналасқан 70 сейсмикалық станция мен бақылау пунктерінен тұрады.

Станцияларда 160 түрлі өлшем бойынша сейсмикалық, геофизикалық, гидрогеологиялық, бақылаулар жүргізіледі. Сезілетін жер сілкінісі жағдайында кезекшілер жедел режимде оның параметрлерін анықтайды: сілкініс уақыты, эпицентрдің координаттары, жер сілкінісінің класы немесе оның магнитудасы.

Айта кетерлігі, Орталық ҚР ТЖМ «Сейсмология институты» ЖШС мен ҚР ТЖМ «Сейсмологиялық тәжірибелік-әдістемелік экспедиция» ЖШС-ні біріктіру жолымен қайта құру нәтижесінде құрылған.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: алматы жер сілкінісі

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір