• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

27 Шілде, 12:29:35
Алматы
+35°

11 Маусым, 2024 NEWS

Жанға жайлы жаз: Демалысты тиімді өткізейік

Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №3 Оқушылар үйінің директоры Ермек Бақытбекұлы балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу мақсатында жүргізіліп жатқан жұмыстар жайында айтты.

Фото: №3 Оқушылар үйі

Оқу жылы аяқталған соң балалардың жазғы демалысты асыға күтуі орынды. Алайда оқушылардың, жалпы балалардың үш ай уақытты ғаламтордың торына түспей, қызықты әрі пайдалы өткізуі өте маңызды. Осы орайда Алматы қаласы Бостандық ауданындағы №3 Оқушылар үйі балалардың жазғы демалысын тиімді өткізу үшін жазғы уақытқа ыңғайланған бағдарламалар негізінде түрлі үйірмелерін жүргізуде.

Оқу бағдарламасымен қатар, мектепішілік жазғы лагерге қамтылған балаларға №3 Оқушылар үйінің түрлі үйірмелері жемісті еңбек етуде. Мысалы, бүгінде мына үйірмелердің есігі «Күн әлемі» би ансамблі, «Ақ сұңқар» домбыра үйірмесі, «Таң-Шолпан» бейнелеу өнері үйірмесі, «Шебер қолдар» сәндік-қолданбалы өнер үйірмесі, «Оригами» үйірмесі мен Кубик Рубик үйірмесі қаншама балаға есігін айқара ашуда. Сонымен қатар, бүгін №63 жалпы білім беретін мектеп базасында ұйымдастырылған мектепішілік жазғы лагерь аясындағы үлкен шараға №3 Оқушылар үйінің үйірмелері 300-ге жуық оқушыға қызмет етті.

Ал, оқыту бағдарламасы бойынша, сабақ кестелері негізінде «Қазақ тілі» үйірмесі, «Русские узоры» ансамблі, «Апельсин» би студиясы, «Успех» дамыту мектебі жұмыстарын жүргізуде. Алдағы уақытта да жазғы демалысты тиімді өткізу мақсатында оқушылар арасында түрлі флешмобтар, сурет көрмесі мен шеберлік сабақтары, ойын-сауық шараларын өткізу жоспарланған.

Оқушылар үйінде балалар қызықты уақыт өткізіп қана қоймай жаңа достар тауып, жан-жақты дамуына үлкен мүмкіндіктері бар.

 Ермек Бақытбекұлы 

про

прол

ощ

рпио

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір