• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 05:51:00
Алматы
+12°

Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева қазақстандық кәсіпкерлер Нұрлан Бимурзин мен Медғат Қалиевке қарсы сотта жеңіліп қалды. Бұл туралы KazTag хабарлады.

"Заңды әрі әділ шешім шығарған сот жүйесіне ерекше алғыс айтамын. Арызымыз 4 ай бойы бір органнан екінші органға жіберілгендіктен, істің әділ аяқталатынына күмәнмен қарадық. Жоғарғы Сот Ішкі істер министрлігіне қарағанда ескінің сарқыншағын емес, заңды басшылыққа алатынына көзіміз жетті. Ішкі істер министрлігі процессуалдық шешім қабылдау үшін Қаржылық мониторинг агенттігі жіберген өтінішті қарайды деген сенімдеміз", – деді Нұрлан Баймурзин.

Айта кетейік, ақпан айында Медғат Қалиев пен Нұрлан Бимурзин бас прокуратураға Әлия Назарбаеваны рейдерлік шабуыл жасады деп айыптап арыз жазған. Әлия Назарбаева бұл арызды "жала жабу" деп, олардың жауапқа тартылуын талап еткен.

Сот құқық бұзушылық белгілерінің болмауына байланысты істі тоқтатты. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір