11 Маусым, 2024 NEWS
Қазақстанның қай өңірлерінде шегіртке қаптады
Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды.
Көрнекі сурет
Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Қостанай облысына шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шараларды бақылау үшін барды. Ақтөбе облысында 8 шілдеден бастап ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек жүр, деп хабарлайды.
Қостанай және Ақтөбе облыстарында шегірткелердің екі түрі кең таралған: италиялық прус және азиялық шегіртке.
9 шілдедегі жағдай бойынша, Қостанай облысында шегірткелерден арылтуға жоспарланған 422,9 мың гектар жердің 356 мың гектарына тиісті жұмыстар жүргізілді. Облыстың 10 ауданында және Арқалық қаласында шегірткені жою жүргізілді.
Ақтөбе облысының аумағында 9 шілдедегі жағдай бойынша 667,865 мың га жер, оның ішінде италиялық прусқа қарсы 646,965 мың га немесе жалпы өңделмек жердің 99,97%-ы, азиялық шегірткеге қарсы 20,9 мың га немесе жалпы өңделмек жердің 95,5%-ы өңделген.
Жергілікті жерлерде жұмысты үйлестіру үшін облыс әкімдері орынбасарларының басшылығымен жедел штабтар құрылды.
Химиялық өңдеулерді жүргізу үшін Қостанай облысында 9 желдеткіші бар сепкіш, 3 ұшақ, 6 дельтаплан, 13 аэрозольді газ генераторы жұмылдырылды.
Ақтөбе облысында 56 арнайы сепкіш техника, оның ішінде 19 желдеткіші бар сепкіш, 19 аэрозольді газ генераторы, 8 аса жеңіл авиация кемесі және 10 ұшақ бар.
Жалпы республика бойынша италиялық шегірткеге қарсы өңдеу 1,2 млн гектарға немесе 92,3%-ға жүргізілді.
Жұмыстар Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қызылорда және Павлодар облыстарында толық аяқталды.
Жалпы өңірлер бойынша мониторинг және тиісті іс-шаралар жалғасуда.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір