12 Маусым, 2024 NEWS
Қазақстан тағы бір елмен визасыз режим енгізбек
Қазақстан мен Марокко үкіметтері екі елдің азаматтарын визалық талаптардан босату туралы келісімді қарастырып жатыр. Тиісті қаулы жобасының құжаты "Ашық НҚА" порталында жарияланды.
Көрнекі сурет
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі "Ашық НҚА" порталында Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігінің үкіметтері арасындағы ұлттық/жалпыазаматтық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату бойынша келісімге қол қою туралы қаулы жобасын қоғамдық талқылауға жариялаған.
Қоса берілген құжатқа сәйкес, екі мемлекеттің бірінің азаматтары қолданыстағы ұлттық-жалпыазаматтық паспорттардың негізінде екінші тарап мемлекетінің аумағына визасыз кіруге, шығуға, транзитке, елде уақытша болуға рұқсат етіледі, ел аумағында болу мерзімінің ұзақтығы олар келген күннен бастап 180 күннің ішінде күнтізбелік 30 күннен аспауға тиіс.
"Бір Тарап мемлекетінің азаматтары екінші тарап мемлекетінің аумағына халықаралық қатынастар арқылы саяхаттаушыларға арналған ашық пункттер арқылы кіріп-шығуға және екінші тарап мемлекетінің заңнамасын сақтауға тиіс", - делінген келісімшарт мәтінінде. Қаулы жобасы 25 маусымға дейін қоғамдық талқылауда болады.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір