• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Қараша, 03:04:35
Алматы
+12°

12 Маусым, 2024 NEWS

"12 миллион теңге жымқырған": Шығыс Қазақстанда балабақша бухгалтері бас бостандығынан айырылды

Шығыс Қазақстан облысының прокуратурасы "Катюша бала-бақшасы" КМҚК штаттық кесте мен банк шоттарын салыстыру арқылы балабақша есепшісінің 3 жыл бойы өзіне артық жалақы мен бонустық төлемдерді есептегенін анықтады.

Фото: ашық дереккөзден

Белгілі болғандай, бухгалтер есепшотына барлығы 12 миллион теңгеден астам ақшаны заңсыз аударып отырған.

Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Одан әрі қарай істі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі жүргізді.

“Тергеу барысында есепші өз кінәсін мойындап, келтірілген шығынды толығымен өтеген. Соттың 2024 жылғы 30 сәуірдегі үкімімен кінәлі тұлға сеніп тапсырылған мүлікті аса ірі мөлшерде иемденіп жымқырғаны үшін (Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігі) 3,6 жылға бас бостандығын шектеуге және өмір бойы белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан айырылуға сотталды. Сот актісі заңды күшіне енді”, – делінген хабарламада.

 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: ШҚО жемқорлық

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір