13 Маусым, 2024 NEWS
Ұлттық қордың активтері 60 млрд долларға дейін өсті – Ұлттық банк төрағасы
Бұл туралы Үкімет пен Жоғары аудиторлық палатаның есептеріне қатысты Сенаттың пленарлық отырысында Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов айтты.
Фото: ашық дереккөзден
Оның айтуынша, 2023 жылы жаһандық экономиканың баяулағанына қарамастан еліміз макроэкономикалық баланысты жақсарта алды. Экономикалық қарқын өсіп, инфляция айтарлықтай төмендеген.
- Ұлттық қордың активтері 60 млрд долларға дейін өсті. Былтыр 6,2 млрд доллар мөлшерінде немесе жылдық 11,4% рекордтық инвестициялық табыс таптық. Алтын-валюта резервтері 1 млрд долларға жуық өсіп, 36 млрд долларды құрады, - деді Тимур Сүлейменов.
Ұлттық Банктің басқаруындағы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтері 17,8трлн теңгеге дейін 3,2 трлн теңгеге ұлғайған.
- Инвестициялық кіріс көлемі1,6 трлн теңгені құрап, бір жылда 76%-ке немесе 690 млрдтеңгеге өсті. Өткен жылы зейнетақыактивтерінің кірістілігі 10,1% деңгейіндеқалыптасты, - деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір