• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

24 Қараша, 18:17:04
Алматы
+12°

Көрнекі сурет

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Ермек Сағымбаев Терроризмге қарсы орталықтың кезекті отырысында елімізде террорлық шабуылға тосқауыл қойылғанын айтты.

Отырыста елдегі маңызды қоғамдық-саяси іс-шаралардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету шеңберінде мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын күшейту шаралары талқыланғаны айтылды.

"Сонымен қатар, ҰҚК биылдан бастап Қазақстанда 1 террорлық шабуылдың алдын алып, 26 адам террористік және экстремистік қызметі үшін сотталғаны атап өтілді. Экстремизм мен терроризмге қатысы бар 151 шетелдік азаматтың елге кіруіне жол берілмеді. Республикаға тыйым салынған діни әдебиеттерді әкелгені үшін 19 шетелдік жауапқа тартылды.

Сондай-ақ 356 терроризмге қарсы оқу іс-шаралары өткізілді", - делінген хабарламада.

ІІМ және ҰҚК күштерімен террористік тұрғыдан осал нысандардың, оның ішінде адамдар көп жиналатын орындарды 3 мыңнан астам тексеру жүзеге асырылған.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: террорлық шабуыл ҰҚК

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір