• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

26 Маусым, 23:30:04
Алматы
+35°

13 Маусым, 2024 NEWS

Ұлттық қордан жетіскеннен ақша алып отырған жоқпыз – Сенат төрағасы

Сенат спикері бюджеттің шығысы мен кірісінде алшақтық барын ашық айтты.

Көрнекі сурет

Сенаттың жалпы отырысында Үкімет және Жоғары аудиторлық палатасының 2023 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есебі талқыға салынып жатыр.

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев қаржы жетіспеу мәселесі барын ашық айтты.

«Біз өңірлерге қаржы жетіспеушілігін көріп отырмыз. Трансферттеге қатысты проблема бар. Бұл жүйелі проблема. Әріптестер, біз өткен жылдың бюджетін қарастырып отырмыз. Сондықтан жүйелі мәселе барын атап өтуіміз керек», - деді палата төрағасы.

Сенат спикері бюджеттің шығысы мен кірісінде алшақтық барын да айтты.

Бюджет шығысы бөлігінде теңгерімсіздік бар. Яғни шығынымыз көп, табыс табуда мәселелер бар. Бұған дейін біз Ұлттық қорды пайданаламыз деп айтқанбыз. Бірақ бұл жетіскеннен емес. Бізде шығын мен кірістің арасында үлкен алшақтық бар, - деді Мәулен Әшімбаев.

Сондай-ақ Мәулен Әшімбаев былтырғы бюджет көрсеткіші есебінің жақсаруына қандай факторлар әсер еткенін түсіндірді.

«Былтыр бюджет параметрі ненің есебінен жақсы көрсеткішке ие болды? Бұл салықтар бойынша – аванстық төлемдер есебінен болды. Яғни, алдын ала 300 млрд теңге салық түсімін алдық. «ҚазМұнайГаз» АҚ есебінен де болды. Былтыр ҚҚС экспорттаушыларына 500 млрд теңге берілмеді. Тиісінше, осы параметрлердің барлығы былтырғы бюжетке әсер етті», - деді Сенат төрағасы.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: бюджет Ұлттық қор

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір