13 Маусым, 2024 NEWS
«Шығынын ақтамайды» — EXPO ғимараттарына қатысты тексеріс жүргізілмек
оғары аудиторлық палата төрағасы Әлихан Смайылов EXPO ғимараттарына қатысты тексеру болуы мүмкін екенін айтты.
Көрнекі сурет
Бүгін Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер Ә.Смайыловтан елордада кезінде салынған EXPO ғимараттарына аудит жүргізу мүмкіндігі туралы сұрақ қойды.
«Салынған EXPO ғимараттары өзін ақтап жатыр ма? Себебі бұл ғимараттарды күтіп ұстау мен басқа шығындар бар», — деп сұрады тілшілер.
Өз кезегінде Жоғары аудиторлық палата төрағасы алдағы уақытта бұл бағытта тексеріс болатынын айтты.
«Қазір олардың табыстары ұлғайды. Бірақ толығымен өзін-өзі ақтап жатыр деп айта алмаймын», — деді Әлихан Смайылов.
Еске салсақ, былтыр Астанадағы EXPO кешені құрылысының сапасы тексеріліп жатқаны хабарланды.
2022 жылы Астанада нөсер жауыннан кейін EXPO аумағында бірнеше
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір