• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

25 Шілде, 11:40:34
+35°

14 Маусым, 2024 NEWS

Қоғам қайраткері Мұрат Әуезов қайтыс болды

Ол қазақтың заңғар жазушысы — Мұхтар Омарханұлы Әуезовтің ұлы.

Фото: ашық дереккөзден

Мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов 82 жасында қайтыс болды.

Ақпаратты Алматы қаласы Мәдениет басқармасы растады.

Мұрат Әуезов 1943 жылғы 1 қаңтарда Жамбыл облысы Меркі ауылында дүниеге келген. Ол – қазақ әдебиетінің көрнекті жазушысы, драматург, ғалым, қазақтың тұңғыш "Абай жолы" роман-эпопеясының авторы Мұхтар Әуезовтің ұлы.

Мұрат Әуезов 1965 жылы М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің Шығыс тілдері институтын филолог-шығыстанушы мамандығы бойынша бітірген. Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялаған кезде елді құруға белсене қатысқан. Парламент депутаты болып, әдеби зерттеулермен айналысты, Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы тұңғыш Елшісі қызметін атқарды.

Ол – көркемдік процестің теориясы мен практикасы бойынша 200-ден астам жарияланымның, сондай-ақ "Уақыт байланыстырушы - жіп", "Иппокрена. Уақыт құдықтарына бару" және "Қайту үшін кету" монографияларының авторы.

Әуезов 2007 жылдан бері Мұхтар Әуезов атындағы қорды басқарып келді. 

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Мұрат Әуезов

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір