• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

21 Қараша, 19:00:27
Алматы
+12°

Фото: ашық дереккөзден

Жоғарғы сот республика бойынша сот отырыстарын тікелей эфирде өткізу практикасын жалғастырып жатыр.

Қарағанды қаласында жедел жәрдем жүргізушісіне күш қолдану арқылы бұзақылық жасаған адамның сотының жалғасы Қарағанды қаласында, бүгін, 17 маусым сағат 11:00-де өтеді.

Сот процесінің онлайн-трансляциясын Жоғарғы соттың YouTube-арнасынан мына сілтемеде көруге болады. 

Еске салсақ, 2024 жылдың 27 қаңтарында ер адам науқасқа келген дәрігерлер бригадасының жүргізушісімен сөзге келіп қалып, жұдырық ала жүгірген болатын. Жанжалға ер адамның аула жолымен өте алмағаны себеп болған. Оқиға орнынан күдікті қашып кеткен болатын.

Депутат Елнұр Бейсенбаев жедел жәрдем жүргізушісін соққыға жыққан күдіктіні тез арада табуды талап етіп, 1 ақпан күні жедел жәрдем жүргізушісін ұрған ер адам ұсталды.

Кейіннен Ішкі істер министрлігі күдіктінің жазасыз қалмайтынын жеткізген болатын. 

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір