• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

22 Қараша, 08:08:50
+12°

18 Маусым, 2024 NEWS

Интернет сапасы туралы әңгіме қозғап жатырмыз, өзімізде байланыс жоқ - Үкімет басшысы

Бүгін байланыс сапасын жақсарту мәселесі қаралған Үкімет отырысында Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров 35 секунд бойы Үкімет үйімен байланыса алмады, - деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі Казинфорумға сілтеме жасап.

Фото: ҚР Үкіметі

 «Алдымызда республикалық және облыстық жолдардың бойын байланыспен қамтамасыз ету міндеті тұр. Бұл ретте аталған жұмыс Ақтөбе, Атырау облыстарында нашар қарқынмен жүріп жатыр. Осы өңірлерді тыңдаймыз. Ақтөбе облысы, Асхат Берлешұлы сіздерде байланыс діңгектерін орнатуға арналған жобалық құжаттаманы әзірлеу қарқыны төмен. Не дейсіз?», — деп сұраған еді Үкімет басшысы Олжас Бектенов өңір әкімі Асхат Шахаровтан. 

Алайда Ақтөбе әкімінің байланысқа шығуы 35 секундқа тежелді.

«Байланыс сапасы туралы әңгіме қозғап жатырмыз, өзімізде байланыс жоқ», — деп кейіді Үкімет басшысы. 

Аздаған үзілістен кейін байланысқа қосылған Ақтөбе әкімі техникалық ақау үшін кешірім сұрап, байланыс діңгектерін орнатуға арналған жобалық құжаттардың әзірленіп жатқанын айтты.

«Тамыз айында мемлекеттік сараптамадан өткізіп, барлық техникалық құжаттаманы қалыптастыруды аяқтаймыз. Келесі жылдың 1-жартыжылдығында құрылыс-монтаж жұмыстарын аяқтап, пайдалануға беруді жоспарлап отырмыз. Мұнан бөлек, биыл жергілікті бюджет есебінен 67,3 млн теңге бөлініп, байланыс операторларымен 70 шақырымға жуық республикалық жол мобильді байланыспен қамтылады. Жобаларды іске асыру тұрақты бақылауда», — деді ол.

"Қамшы" сілтейді
Ілмек сөздер: Интернет сапасы

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір