27 Маусым, 2024 NEWS
Қонаев қаласының әкімі жер қытайлықтарға берілді деген ақпаратқа қатысты пікір білдірді
Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында ірі жер бөлігі қытайлықтарға берілді деген ақпарат тараған болатын.
Фото: ашық дереккөзден
Осыған байланысты қала әкімі Асхат Бердіханов кәсіпкерлермен кездесіп, мән-жайды түсіндірді.
Әлеуметтік желіде Қонаев қаласында жалпы аумағы 7.12 га жер қытайлықтарға берілді деген ақпарат тараған. Қонаев қаласы әкімінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, "Жібек жолы" ЖШС №8 жағажайды абаттандыру жобасын қолға алып, инвестиция құюға ниеттенген. Жер көлемі – 7.9 гектар.
"Жағажайдың қасындағы 7.12 аумақты алып жатқан жер, яғни №7 жағажайдың бір бөлігі инвест жобаның құрамына кіріп жатыр. Жалпы аумағы 15 га жағалау аттракциондар паркіне айналмақ. Қазіргі таңда №7 қалалық жағажайда 40-тан астам кәсіпкер қызмет етуде. Олар дәмхана, тапшан, шатырларды мемлекеттен жалға алып отыр. Мұндағы 2 бизнес орны аталған инвестжобаның құрамына енді. Кәсіпкерлер биылғы шомылу маусымы біткенше жұмыс жасайды", - делінген хабарламада.
Оның айтуынша, қаланың бекітілген бас жоспарына сәйкес, қаладағы 9 жағажайды да абаттандыру жоспарланып жатыр. Биыл заманауи стильде жасалған №5 жағажай қолданысқа берілді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір