28 Маусым, 2024 NEWS
ШЫҰ саммиті кезінде блок-бекеттер қойыла ма?
Сенат кулуарында Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев журналистердің сұрағына жауап берді.
Көрнекі сурет
- Қазіргі уақытта полиция қызметкерлері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Елімізде үлкен шара өткелі жатыр. Бұл халықаралық тәжірибе. Сол себепті біз қолданып жатқан шаралардың барлығы қауіпсіздік үшін. Қала аумағында блок-бекеттер болады,- деді ол.
Оның айтуынша, алты мыңнан сегіз мыңға дейін полиция қызметкері кезекшілікте болады. Басқа қаладан келетін тұрғындар үшін ешқандай шектеу болмайды.
- Ал үйсіздерге келсек, олар шығарылмайды. Біздің азаматтар еліміздің барлық аумағында еркін жүріп-тұруға құқылы, - деді ол.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір