02 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Страна.ua
Киевте оппозициялық журналист, Youtube-тағы "БӘСЕ" каналының авторы Айдос Садықов көз жұмды. Бұл туралы журналистің әйелі наталья Садықова хабарлады.
Оның айтуынша, Айдос Садыков Киев уақыты бойынша 3:00-де қайтыс болған. Садықов жансақтау бөлімінде 13 күн жатқан.
Оппозициялық журналисті 18 маусымда Украина астанасы Киевте белгісіз біреу көлігінде отырған кезінде басынан атып кеткен.
20 маусымда Украина құзырлы органдары қастандық жасады делінген екі күдікті анықталғанын хабарлады. Олардың екеуі де Қазақстан азаматы.
Қ.Тоқаев тергеуге атсалысуға Қазақстан тарапы дайын, тергеу өзінің жеке бақылауында екенін мәлімдеді.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір