02 Шілде, 2024 NEWS
Көрнекі сурет
Қазақстанда қандастарға берілетін өңірлік квота саны артады. Бастапқы жоспар бойынша, 2433 квота берілуі тиіс болса, олардың саны енді 3033 болады. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі бұйрығының жобасынан белгілі болды, деп хабарлады Информбюро сайты.
Есесіне, Қазақстанға қоныс аударушыларға берілетін квота саны 600-ге азаяды. Қандастарға артық квота беру осы шегерудің есебінен көзделіп отыр. Сәйкесінше, биыл қоныс аударушыларға 6450 квота беріледі. Ал бастапқы жоспар бойынша бұл мән 7050-ге тең болатын.
Өңірлік квота бойынша Қазақстанға көшіп келген қандастарға мемлекеттен әлеуметтік қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, отбасының әрбір мүшесіне 241 500 теңгеден беріледі. Бір жылға дейін үй жалдау үшін ай сайын 103 500 теңге төленеді.
2023 жылы 2337 қандас өңірлік квотаға ие болған. Олар Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Павлодар, Абай және Шығыс Қазақстан облыстарына қоныстанды. Өңірлік квота бойынша қандастарды ең көп қабылдаған облыс – Павлодар облысы. Мұнда 972 қандас қоныстанған. Кейінгі орындарға Қостанай және Ақмола облыстары ие.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Пікір қалдыру
пікір