05 Шілде, 2024 NEWS
Фото: Бас прокуратура
Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігінің Интерпол қызметкерлері қаржы пирамидасын басқарған Қазақстан азаматшасын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін елге экстрадициялады.
2019 - 2021 жылдар аралығында күдікті Қостанай облысындағы "Finiko" қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін басқарып, жалпы сомасы 167 млн теңгеден астам сомаға қырыққа жуық жәбірленуші алданған.
Қылмыстық іс әшкере болғаннан кейін күдікті Арменияда жасырынған. Қазіргі уақытта күдікті Ақтау қаласының тергеу изоляторына қамаққа алынды.
Күдіктіге 7 жылға дейінгі мерзімге белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, мүлкі тәркіленіп, 5 жылдан 12 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.
Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.
Ұсынылғандар
Пікір қалдыру
пікір