• USD 468.56

  • EUR 497.56

  • RUB 7.3

  • CNY 67.18

04 Желтоқсан, 10:27:00
Алматы
+7°

12 Шілде, 2024 NEWS

Ет сапасын тексеру үшін QR код енгізіледі

Қазақстанда малды тексеріссіз союға жол бермеу мақсатында ветеринариялық тексеріс және сойғаннан кейінгі ветеринариялық-санитариялық сараптаманы өткізу үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі "Етті ветеринариялық-санитариялық сараптау" модулін әзірледі.

Көрнекі сурет

Бұл жүйе мал соятын орындарда және сауда нысандарында ветеринариялық-санитариялық сараптамадан өткеннен кейін сараптама актісін берудің бизнес процестерін автоматтандырады. Сондай-ақ, жануардың толық өмірлік циклі туралы ақпараты бар QR код енгізіледі. Бұл QR ет сататын орындарда орналастырылады. Осылайша малды ветеринарлық тексеріссіз және ағзалардың сараптамасынсыз союдың алдын алуға мүмкіндік береді.

- Қазір бұл жоба іске қосылып, облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда жұмыс істеп жатыр. Оған мал соятын 1664 орын, ветеринарлық-санитарлық сараптама зертханалары, сауда орындары қосылған. Жүйеде 1470-тен аса ветеринар, ветеринариялық-санитариялық сараптама зертханасының қызметкері және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспекторлар тіркелген, - деп жазылған хабарламада.

QR код арқылы 117 мыңнан аса ветеринариялық анықтама және 438 мың сараптама қорытындысы шығарылған.

Жүйе Ресей Федерациясымен шекаралас Шарбақты ветеринарлық бақылау пунктінде сынақтан сәтті өткен.

"Қамшы" сілтейді

Қате тапсаңыз, қажетті бөлікті таңдап ctrl+enter басыңыз.

Пікір қалдыру

пікір